Susunod

Ірі көлемде есірткі мен қару тәркіленді

15/05/24
QYZYLORDA TV
Sa Asya

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде үйінде ірі мөлшерде есірткі мен заңсыз қару сақтаған 47 жастағы Қармақшы ауданының тұрғыны құрықталды. Күдіктінің үйін және сарайын тінту кезінде қапқа және 3 полиэтилен пакетке салынған, өзіне тән иісі бар жасыл түсті шөп тәріздес зат табылды. Тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат «кептірілген марихуана» болып шықты. Сондай-ақ, тіркелмеген қос ұңғылы 16-калибрлі аңшы мылтығы мен 47 дана патрон тәркіленді. АРДАҚ ДӨНЕНОВ – ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // Қармақшы ауданының 47 жастағы тұрғыны тұрғылықты мекен жайында 10 келіден асы есірткі затын және заңсыз тіркелмеген қару сақтағандығы анықталып, қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Magpakita ng higit pa

 0 Mga komento sort   Pagbukud-bukurin Ayon


Susunod