Suivant

ҚАЗАЛЫДА МЕКТЕП ПЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

14/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қазалы ауданында 250 орындық мектеп пен аудандық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Жаңа нысандардың ашылуына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Парламент Мәжілісінің бірқатар депутаты қатысып, көпшіліктің қуанышына ортақтасты. Сондай-ақ, аймақ басшысы ғасыр жасаған соғыс ардагері Тілеуберген Тобабергеновке Сыр жұртшылығы атынан 3 бөлмелі пәтер сертификатын табыстады. Әйтеке би кентінің Достық аймағында салынған білім ошағы барлық талапқа сай жабдықталған. Оқушылар енді типтік үлгідегі мектепте жан-жақты әрі терең білім алатын болады. Ауданда мұнан бөлек "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында бір мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жуырда тағы бір білім ошағының іргетасы қаланады. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ //Мемлекет басшысының бастамасымен бастау алған ұлттық жоба аясында өңірімізде 21 жайлы мектептің құрылысы салынуда. Соның оны осы жылы ел игілігіне пайдалануға берілетін болады. қалған 11-і келесі жылы пайдалануға беріледі. Қазалы ауданында да екі жайлы мектептің құрылысы жүруде. Біз бұл арқылы аймақтағы апатты, үш ауысымды мектептер мәселесін толығымен шешетін боламыз. БЕКЕТ ҚАДІРБЕК – АРДАГЕР ҰСТАЗ //Балалар бұрындары 3 километр жердегі мектепте оқитын еді. Машинамен қатынайтын. Кейбір уақыттарда машинадан қалып қояды. Соған қарамастан біраз жыл оқыды. Кейін осы мектеп ашылған соң осында ағылып жатыр. Осы мектепте бүлдіршіндердің күлкісі тиылмасын // Ауданда сондай-ақ 600 орындық мәдениет үйі ашылды. Өнер орталығында ән, би, жыр—терме, сурет, қолөнер секілді 10 үйірме жұмыс істейді. Мұнда талантты жастардың шығармашылығын дамытуға жағдай жасалған. БАЛҚЫЗ ӨМІРЗАҚ – ДОМБЫРА ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ //Үлкен мүмкіндік бар. дайындыққа, қосымша үйірмелерге, жетістіктерге барлығына жағдай жасалған деп ойлаймын. // 00.26// балаларда облыстық, республикалық, халықаралық жетістіктер бар. көптеген байқаулар мен мәдени шараларға қатысып келеді. алдағы уақытта да жетістікті көбейтеді деп ойлаймын. СОҒЫС АРДАГЕРІ Т.ТОБАБЕРГЕНОВ – 100 ЖАСТА Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Тілеуберген Тобабергенов 100 жасқа толды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібваев сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен майдангерді үйіне құттықтап барды. Ғасыр куәгеріне өңір басшысы Сыр жұртшылығының атынан жылы лебізін жеткізіп, 3 бөлмелі пәтер сертификатын табыстады. Жаңа баспана Қазалы ауданында салынған екі пәтерлі үйлерден берілді. Мұнан соң облыс әкімі Жалаңтөс батыр, Пірімов және Басықара ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant