Следующий

Қасиет төресі - қайырымдылық

16/03/24
QYZYLORDA TV

Бүгін Талсуат елді мекеніндегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығында қайырымдылық іс-шарасы өтті. Балғындардың бал күлкісі бәрінен қымбат қой. Осы орайда кәсіпкерлер осында ем-дом алып жатқан балаларға базарлық жасады Ізгілікті шара спорттық сайыспен жалғасын тапты. Теңге алу, асық ату, қол күрес секілді ұлттық ойындар ойнатылды. Жеңімпаз командаларға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды. Жалпы Талсуат елді мекеніндегі балалар орталығында бүгінде 113 балаға стационарлық және жартылай стационарлық деңгейде қызмет көрсетіліп келеді. Жас ерекшеліктері 3 пен 18 жас аралығы. Олардың 60-Ы үйлерінен тасымалданып, күндізгі уақытта ем-дом шараларын қабылдаса, 53 бала осы орталықтың тұрақты тұрғындарына айналған. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Показать больше

 0 Комментарии sort   Сортировать по


Следующий