Suivant

Қоғамдық көлік тегін жүре бастады

22/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қызылорда тұрғындарының бірқатар санаты қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Бұл жаңашылдық кешеден бастап, яғни мамырдың 20-сында күшіне енді.Жолақысыз жүру мүмкіндігі кімдерге берілгенін әріптесім Азамат Әуезхан айтып береді. АЗАМАТ ӘУЕЗХАН – ТІЛШІ Ия, кешеден бастап қаладағы барлық бағыттағы қоғамдық көліктерде жүру тегін болды. Яғни, бес санатқа жататын азаматтар: «Алтын алқы», «күміс алқа», «батыр ана», « І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы», сондай-ақ, І топтағы мүгедектігі бар азаматтар қоғымдық көлікте жолақысын төлемейді. Ол үшін арнайы құжат алудың еш керегі жоқ. Тек, осы санатқа жататыныңызды растайтын анықтамаңыз болса болғаны. Ал, 15-18 жас аралығындағы тұрғындар жол ақысының 50 пайызын төлеп жүре алады. Олар жүргізушіге студенттік билетін көрсетуі тиіс. Аталған жеңілдік қалаішілік тасымал қызметін көрсететін барлық барлық бағыттарға енгізіліп отыр. Айта кетейік, облыс орталығының өзінде «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», « І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы», сондай-ақ, І топтағы мүгедектігі бар 4700-ге жуық тұрғын бар. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant