Suivant

Қызылордада «Қажы Мырқыайдар» мешіті ашылды

23/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Бүгін Қызылорда қаласында «Қажы Мырқыайдар» мешіті ашылды. Салтанатты рәсімге жерлестірімізбен бірге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты. Қажы Мырқыайдар есімін иеленген жаңа мінәжат орны Қызылорда қаласының Шұғыла шағын ауданы аумағында ірге көтерген. Мырқы қажы деген кім? Ол жерлесіміз, өз заманының сауатты, білімді адамы болған, Мырқы өз қаражатына Қызылордадағы Сырдария өзені арқылы өтетін үлкен көпір салдырған. Перовскідегі қалалық мектептің қамқоршыларының бірі болған, Меккеде қонақүй ашуға себепкер болған меценат. Биыл өңірімізде «Руханият жылы» жарияланды. Жаңа мешіт рухани байлығымыздың темірқазығына айналсын, - деді облыс басшысы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары облыста 14 мешіт болған, бүгінде 184 ғибадат орны ресми тіркелген. Дәстүрлі дініміз адасушылық пен түрлі ағымға тосқауыл болып, имамдар халықты бірлікке, ынтымаққа ұйытуы тиіс. Жиында Наурызбай қажы Тағанұлы жаңа мешіттің мейірімділік мекеніне айналуына тілектестік білдірді. Жүрегіміз - иманға, тіліміз - Құранға, құлағымыз – азанға толсын десті жиналған жамағат. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant