Suivant

Қызылорданың әуежайы қандай?

22/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қызылоралықтарға енді заман талабына сай, кең де сәулетті әуежай қызмет көрсететін болады. Біздің түсіру тобы жаңа нысан ішін аралап көріп, қолайлылығына көз жеткізді. Айтпақшы, бауырлас түрік елі бізге жақындай түсті: 4 маусымнан бастап Қызылорда-Анталья тікелей рейсі ашылды. Биыл жерлестеріміздің жазғы демалысы мазмұнды болғалы тұр. Жерорта теңізі, Эгей, Мәрмәр, Қара теңіздерде шомылып, тарихи жерлерді тамашалауға зор мүмкіндік ашылды. Жалпы, әуежай кез келген мемлекеттің, аймақтың беткеұстар әуе қақпасы. Оның архитектурасы, инфрақұрылымы, қызмет көрсету нүктелерін ұтымды орналастыруы бәрі-бәрі маңызды, себебі әрбір елді мекен ең әуелі сондағы әуежайдың жай-күйімен бағаланады. Ал, қызылордалықтар 1987 жылы салынған алақандай ұшу алаңын пайдаланып келеді. Әрине, ол бірнеше мәрте жөнделді, 2001 жылы Қорқыт ата есімін иеленді, сол жылы 150 адамға арналған аэровокзал кешені салынды. 2011 жылы қайта жаңғыртудан өтті. Бірақ, ескінің аты ескі. Уақыт талабына сай емес. Оны тұрғындар талай мәрте айтып, қаншама рет сын садағын қадады. Ал, енді жерлестерімізді жақсы жаңалық күтіп тұр. Жайлы да сәулетті әуежай пайдалануға берілмек. Рейстер саны да көбейеді. Тіпті енді қызылордалықтар санаулы сағатта Антальядан сәлем жолдай алады. Жаңа дизайн, қолайлы қызмет көрсету орындары сонадайдан көз тартады. Мұнда жолаушы үшін барлық жағдай жасалған. Тіркеу орындары көбейген. Мүгедек жандар үшін, балалы отбасылар үшін, шылым шегетіндер үшін, діни мінәжат үшін де арнайы аумақ қарастырылған. Айта кетейік, орындықтар денеге тастай әрі мұздай тиетін темір емес, жайлы, тіпті мұндай орындықтар еліміз бойынша еш жерде жоқ, - дейді басқарма төрағасы, сонау Италиядан әкелініпті Ал, жүк беру залындағы құрылғы Жаңа Зеландияда жасалыпты. Бір сөзбен айтқанда, керемет! Осы кезге дейін ұшақтан түскен соң автобуспен, соңғы кезде жаяу қатынаған жолаушылар ол күндерді ұмытады, жаңа телескопиялық трап дайын тұр, жобада біреу болған екен, облыс басшысының ұсынысымен енді екеу болмақ. Бәрі де жолаушылардың жайлы ұшып-қонуы үшін жасалып жатқан игіліктер. Дәл қазір жаңа терминал алдында абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл тірлік бітісімен көптен күткен әуежайдың салтанатты түрде ашылуы болады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant