A seguir

Қызылордаға 70 жаңа автобус келді

13/02/24
QYZYLORDA TV
Dentro Ásia

Қызылордада қоғамдық көліктер 70 жаңа автобуспен толықты. Облыстың бас шахарында халық саны өскен сайын қоғамдық көлікке деген сұраныс артып келеді. Мәселен, 2022 жылы 150 автобус сатып алынса, өткен жылы тағы 50 үлкен сыйымдылықтағы қоғамдық көлік жаңа бағыттарға қосылды. Биыл тағы 100-ін алу жоспарланса, соның алғашқы легіндегі 70 автобус күні бүгін жолаушылар тасымалына кірісті. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев автобустардың кілтін жүргізушілерге салтанатты түрде табыстады. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ // Біз қоғамдық көлік мәселесін қаладағы толығымен шешкелі тұрмыз. Жақын күндері тағы да 30 қосымша автобус келеді. Біз сол арқылы қаладағы қоғамдық көлік мәселесін толығымен шешеміз. Осы айналдырған 2 жылға жуық уақыттың ішінде 300 жаңа үлкен сыйымдылықтағы автобустар қалаға келді. Ел игілігіне қызмет жасауда. Алдағы уақытта да біз қоғамдық көлік мәселесін қатаң назарымызда бақылауда ұстаймыз. Халыққа сапалы қызмет көрсету – біздің бағыттарымыздың бірі.// Жаңа автобустар техникалық тексерістен өткен. Тіпті сұраныс бойынша жергілікті жердің климаттық жағдайына сәйкестендірілді дейді мамандар. МАҚСАТ ЖҮСІП – «ҚЫЗЫЛОРДА АВТОБУС ПАРКІ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ //Жаңадан 27-24 бағыттарды аштық. Одан бөлек алда күтіп тұрған 7,8,21 бағыттарымыз бар қамтитын. Солардың барлығын осы жаңа автобустармен қамтитын боламыз. Келіп жатқан автобустардың барлығы жаңа заманауи автобустар. іші толықтай құрал-жабдықтармен, электронды құрылғылармен қамтылған. Біздің алға қойған мақсатымыз – қалаішілік бағыттардың барлығын осы жаңадан заманауи үлгідегі үлкен сыйымдылықтағы автобустармен қамтып, халыққа қызмет көрсету.// Үлкен сыйымдылықтағы автобустарда мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы жағдай жасалған. Ал автобустардың келуін ұялы қосымшалары арқылы бақылауға болады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Mostre mais

 0 Comentários sort   Ordenar por


A seguir