Suivant

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНДЫ

01/04/24
Dans Asie / Kazakhstan

Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды. Қарғын судан қауіп төнген елдімекенде тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.Ойыл өзені арнасынан тасып Миялы ауылына қауіп төндіріп жатыр. Кеше кештен бері 600-ден астам адам 3 құтқару пунктіне эвакуацияланды. Бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас жандар және I, II, III- топтағы мүгедектігі бар азаматтар көшіріліп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындарымен бірлесіп, қауіпті учаскелерге 48 мыңға жуық қапшық дайындап, төсеген. Одан бөлек ұзындығы 26 шақырым, биіктігі 2 метр болатын бөгет көтерілді. Бүгін таңғы 04:30-дағы жағдаймен Ойыл өзенінің деңгейі - 1 метр 20 см жетті. Сонымен қатар Ойыл өзені бойында орналасқан ауылдардан 2000-нан астам қой-ешкі, 400-ден астам мүйізді ірі қара, 138 жылқы, 20 түйе қауіпсіз аймаққа шығарылды.Тасқынмен күреске 3500-ге жуық адам, 200-ден астам техника жұмылдырылған. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant