Suivant

Әкімдерге қалпына келтіру жұмыстарын тездету жөнінде тапсырма берілді

22/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстарының барысы жөніндегі тапсырмаларын орындауға қатысты кеңес өткізді. Онда тексеру комиссиясының 2700-ден аса өтінішті қабылдап, 2700-ге жуық үйге техникалық тексеру және үйге бағалау жүргізгені белгілі болды. 20 мамыр күні жарияланған соңғы мәліметтерге сай, 26 мың 651 отбасы 10 млрд теңгеден астам сомаға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем алған. Суға кеткен малдың өтемі үшін мемлекеттік көмек көлемі 1,3 млрд теңгеден асты. Жалпы зардап шеккен өңірлерде 11 мың 137 тұрғын үй тексеріліп, 7 мың 863 нысанға бағалау жұмысы жасалды. Сонымен қатар 891 отбасы тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіру үшін өтемақы алды. 239 отбасы қираған баспанасының орнына пәтерлер мен үйлерге ие болды. Қазір зардап шеккен азаматтарға берілетін 794 жаңа үй салынып жатыр. Олжас Бектенов әкімдерге қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын тездету жөнінде тапсырма берді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant