下一个

"Жазушылар" композициясы аумағы тазартылды

16/04/24
QYZYLORDA TV
亚洲

«Киелі мекен» акциясы аясында қаладағы «Жазушылар» композициясы аумағына да тазалық жұмыстары жүргізілді. Мәдениет және ақпарат саласының өкілдері қоршаған ортамыздың санитарлық тазалығын сақтауға шақырды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру маңызды. Ол әрбіріміздің бойымызда болуы тиіс қасиет. Әрбір адамның санасында, көзқарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу туралы негіз қалыптасуы қажет. Осы негіз қалыптасқанда ғана әрбір тұрғын туған өңірінің табиғатын қорғауға атсалысады, жанашыр болады. Бүгін мәдениет және ақпарат саласының өкілдері тізе қосып, осы ұғым аясында үндеу тастады, тазалық жұмыстарын атқарды, елдің өткенінен, қаламгерлерінен хабар беретін ескерткіштерді де жуып, тазалап, өңін кіргізді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

显示更多

 0 注释 sort   排序方式


下一个