Suivant

Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығы ашылды

12/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде Ғылым айлығы аясында «Халықаралық экологиялық марафон» өтіп жатыр. Іс-шара аясында «Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығы» ашылды. Экологиялық марафонның мақсаты – Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы саласындағы жобаларды жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғап, экология және табиғи ресурстар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Сыр өңіріндегі маңызды жиынға елімізбен қатар көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан ғалымдары қатысып, ортақ мәселені талқылады. Марафон меймандары жаңадан жабдықталған «Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығының» жұмысымен танысты. Осы орталықта енді ғалымдар өңірдегі қалыптасқан экологиялық проблемаларды шешу мақсатында шетелдік мамандармен бірлесіп жұмыс істейтін болады. РАХАТ ҚҰРМАНБАЕВ, БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ Биылғы жылы Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорының төрағалығын қолға алып жатыр. Бұлда бізге негіз болып табылады осы орталықтың ашылуына. Бұл орталық ашылғанға дейінде біздің ғалымдарымыз Арал мәселесі жөнінде ғылыми жұмыстар жүргізіп келді. Енді осы орталық бұл жұмыстардыжандандыруға, зерттеуді кеңейтуге үлкен мүмкіндік береді Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant