Avanti il prossimo

Аралда 1000 түп ағаш отырғызылды

09/04/24
QYZYLORDA TV
In Asia

Аралдықтар “Таза Қазақстан” республикалық акциясына үн қосты. Экологиялық іс-шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтеді. Мәселен, бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. ГҮЛАЙ АШЕКОВА – ТІЛШІ «Көктемде шыбық қадап, тал отырғызу сауапты іс. Өйткені егілген әрбір тал, күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы саяға айналады. Сондықтан аралдықтар тазалық акциясында белсенділік танытып жатыр». Тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар мен мекеме қызметкерлері тазалық жұмыстарына білек сыбана кірісті. Акция аясында мың түп ағаш егілді. АМАНЖОЛ ОҢҒАРБАЕВ – АУДАН ӘКІМІ «Арал өңірі енді көпшілікке белгілі өте бір қиын аймақта орналсқан. Аяқ су мәселесі мүлдем шешілмеген. Қазіргі таңда жасыл аймаққа айналдыру мақсатында көптеген жұмыстар жасалып жатыр. Бүгін де мінекей бірсыпыра ағаштар егіліп, осы «Балықшылар аллеясын» жасылдандыру, көркейту мақсатында бірсыпыра жұмыстар жасап жатырмыз. Біз енді бұған дейін де аймақ басшысы Н. Нәлібаевтың тапсырмасын сәйкес 3000 бас тал отырғызғанбыз. Қазір 1000 түп ағаш отығызып жатырмыз». Экологиялық акцияның алғашқы күнінде аудан бойынша 20 көшенің бойы тазартылып, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. 1500-нан аса қатысушы тартылып, 12 бірлік техника жұмылдырылды. ӘДІЛБЕК ӘЙІМБЕТОВ – АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ «Біз бұны халық болып қолдаймыз. Себебі тазалық деген денсаулықтың кепілі. Әсіресе экологиялық Арал өңіріне өте керек. Жыл да істейтін жұмыс. Бірақ биыл айрықша қолдау тауып отыр. Міне бүгіннен бастап біз осы жұмыстарды істеп жатырмыз. Әрине біз жылдан жылға қаламызды тазарту мақсатында жұмыс жасалынып жатыр. Бұл жұмыстарға тұрғындар атсалысуда. Мен ойлаймын біздің әрбір еккен талымыз ертең ұрпақтарға таза ауа, үлкен жетістік. Міне сол тұрғыда өзіміздің жерлестерімді тазалық акциясына қызу қатысуға шақырыамын». НҰРСҰЛТАН АЛДАМҰРАТОВ – ЕРІКТІ «Аудандық еріктілерімз де өз жұмысын жасауда. Қазіргі таңда еріктілер өздерінің қолғабысын тигізіп жатыр. Бізде нақты жұмыс жасап тұрған 65-тен аса ерікті бар. Ауылдық жерлерді қосқанда 2000-ға жуық ерікті жұмыс істеп жатыр». «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудандағы тарихи-мәдени ескерткіштер маңын абаттандыру жоспарланып отыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Mostra di più

 0 Commenti sort   Ordina per


Avanti il prossimo