Аралда үш мың тал егіледі

25/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

«Таза Қазақстан» экоакциясы жалғасуда. «Жасыл аймақ» апталығы аясында Аралда 70 тал-терек пен 100 түп гүл егілді. Жалпы биыл Арал қаласында үш мың тал шыбығын отырғызу көзделген. Соған сәйкес көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Оған жергілікті жерге төзімді терек пен қара тал таңдап алыныпты. Одан бөлек ауданның орталық көшелері мен демалыс орындарына гүл егіледі. Аталған жұмыстарды мекеме қызметкерлері мен ерікті жастар атқарып жатыр. БАТЫРЖАН ҰЗАҚОВ - АРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ «Аралдың өзінің ауа-райы енді-енді ғой жылып бастағаны. Гүлді де, талды да толықтай егіп бітуге жұмыс жасаймыз. 3000 тал үкіметтің қаржысынан емес, демеушілердің есебінен бітіп жатыр. Гүл де солай. 200-ге тарта гүл алдырттық. Дәндерін сырттан алдыртып жатырмыз. Біздің аралдың ауа-райына шыдайтын гүлдер алдырттық.. Су мәселесіне келсек скважина суын тұщылатып, аяқ су ретінде осы көшелерге осы талдарға эконом жасайтын жұмыстар жүргіземіз». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par