Hasta la próxima

Арнайы репортаж: Аралдағы Наурыз-думан

26/03/24
QYZYLORDA TV
En Asia

ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ, ТІЛШІ //Наурыз - қазақтың мәдени мұрасын насихаттап, салт-дәстүрін жаңғыртуға, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға арналған достық пен бірліктің, ырыс пен берекенің, жаңарудың мерекесі. Ұлыстың ұлы күнін әсіресе ауылдағы ағайын ерекше сән-салтанатымен атап өтеді. Сөзіміздің дәлелі міне, Шижаға ауылында Наурыз мерекесіне орай керуен көш түзеді.// Наурыз мерекесінің тағылымы мол. Ертеректе қыстан аман-есен шыққан ағайын көрші ауылдарды аралап, мал-жанның амандығын сұрасқан. Қазан көтеріп, қыстан қалған сүр етін асып, қонақжайлықтың үлгісін көрсеткен. Міне, бұл үрдіс Арал ауданында қайта жаңғыртылуда. Ауыл көшесімен жүріп өткен керуен көші мәдениет үйінің ауласында өтіп жатқан «Әз-Наурыз, қош келдің!» атты мерекелік шараға аялдады. Наурыз ата мен Наурыз ана Ұлыс күнінің тарихы мен мән-маңызына тоқталды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Mostrar más

 0 Comentarios sort   Ordenar por


Hasta la próxima