次に

АУДАНҒА ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ КЕЛДІ

07/04/24
アジア

Үкімет басшысы тасқын судан қатты зардап шеккен Құлсары қаласының суға кеткен аумақтарын аралап, тұрғындармен тілдесті. Жаға бекіту жұмыстарымен танысып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мақсат екенін айтты. Кейін Атырауда штаб отырысын өткізіп, тасқыннан қорғауға арналған кешенді жоспар бекітілмек. Құлсарыда ахуал әлі күрделі. Қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындардың саны 30 мыңға жетті. Суға кеткен 7 ықшам ауданнан барлық тұрғындар эвакуацияланды. Енді Береке, СМП 224, 9 ауыл, Атамұра, Бірінші, Үшінші аудан, бесінші ауылдарға қауіп төніп тұр. Бүгін сағат 11 шамасында Құлсары қаласынан екі адамның мүрдесі табылды. Ақпаратқа сәйкес, 1974 жылы туған ер адам досымен бірге су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен бара жатқанда жолдан шығып аударылған”. Және тағы бір айта кететін жәйт кеше сағат 14:00-де екі тұрғын жоғалған. Әкесі мен баласы көліктерін тастап, үйлерін тексеруге жаяу кеткен. Қазір құзыретті органдар іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO

もっと見せる

 0 コメント sort   並び替え


次に