Suivant

Вице-министр шаруалармен кездесті

01/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында аймақтағы агросала өкілдерімен кездесіп, алдағы егінжайдың барысын талқылады. Биыл Сыр диқандары 187 мың гектарға ауылшаруашылық дақылдарын орналастырмақ. Күріштің көлемі шамамен 84 мың гектар болады деп болжануда. Әйтсе де, негізгі дақылдың көлемі сәуір айында нақтыланады дейді мамандар. ЖҮСІПБЕК ӘЖІБЕКОВ – ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ // Негізгі дақыл күрішті егу сәуір айының 3-інші онкүндігінде бастаймыз. Үкіметпен мақұлданған индекативті жоспар бар. Жоспар бойынша 83 мың 900 гектарға межеленіп отыр. вегитациялық кезеңге су лимиті белгіленгеннен кейін егістің көлемін қараймыз. ДАНАБЕК ӘБДІБЕКОВ – ДИҚАН //Бұрын 200-дей егетін тұғынбыз. Биыл енді 100 егетін болып тұрмыз. Жерді қысқарттық. Көп жерді жоңышқаға жібердік. МАРА алдық былтыр. Сол МАРА-мен лазерный тегістеп жатырмыз. Сырдариядағы су деңгейі биыл да төмен. Сондықтан суды үнемдейтін технологияларды өндіріске енгізу басты назарда. Биыл облыста жеңілдетілген несие арқылы жалпы құны 5 млрд теңге болатын ірі 5 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Соның 3-еуі тіршілік нәрін тиімді пайдалануға бағытталған. Кездесуде көтерілген мәселенің тағы бірі күріш тұқымына қатысты. Бүгінде аймақ диқандарының 97 пайызы ресейлік сорттарды егеді. Вице-министр енді отандық тұқымды дамытуға басымдық берілетінін жеткізді. ЕРБОЛ ТАСЖҮРЕКОВ – ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ // Күріш тұқымы Қызылордаға маңызды. Жахаев институты бойынша Қызылорда әкімдігі ұсыныс берді. Жұмыс істеуге. Заңды түрде 49 пайыз үлесі әкімдікке беріледі, әкімдік өз тарапынан толығымен қаржыландыратын болды. Жалпы, Жахаев институты жергілікті шаруалардың сұранысы бойынша жұмыс жасайтын болады. Қазір көктемгі дала жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бұған 3700-ге жуық техника тартылған. Шаруалар сұранысына қарай оларға арзандатылған дизель отыны жеткізіліп жатыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant