تا بعدی

Емханадағы қызмет алушылар күні

07/05/24
QYZYLORDA TV
که در آسیا

Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің бастамасымен емханада «Қызмет алушылар күні» өтті. Мемлекеттік қызмет істері департаментіне денсаулық сақтау саласына қатысты сан түрлі сұрақтар жиі түседі. «Қызмет алушылар» күнінде мамандар көпшілікті толғандырған мәселелерді тыңдап, жауап беруге тырысты. ЕРЛЕГЕН МЕНДАЛИЕВ – ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ «Бүгінгі шараға медицина саласының бірнеше мемлекеттік органдарының өкілдерін шақырдық. Жалпы бұл жобаның негізгі мақсаты қызмет алушыларды ақпараттандыру. Мысалы, медицина саласында қандай қызметтер көрсетіледі, қандай құжаттар керек, қандай қызметтерді электронды форматта алуға болады. Сол жағынан барлық ақпарат кеңестерді беріп жатырмыз». Райкүл Оспанова 3-ші қалалық емханаға тіркелген. 67 жастағы қала тұрғыны өзін мазалаған сауалдарына жауабын алды. РАЙКҮЛ ОСПАНОВА - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «Бүгінгі келген себебім узиға түсу керек болды. Соған түстім жақсы. Енді 1 аптадан кейінге тіркеліп алдым, қайтадан келіп көрінемін. Қыздарға, дәргерлерге рақмет!» БАҚЫТБЕК БЕКБАСАРОВ - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «Қазір халыққа дәрі-дәрмек жетіспейді да.тұрғындар өһздернің ойларын жеткізіп жатыр қызметкерлерге. Біз енді келешекте барлығы жақсы болады деп сенеміз. Халықтың атынан рақметімді айтамын. Келешекте осындай іс-шаралар көбірек болса екен. №3 қалалық емханада мемлекеттік қызметтің 14 түрі көрсетіледі екен. Дәрігерлердің айтуынша олардың барлығы цифрланған. Яғни, кез келген қабылдауға «Дамумед» қосымшасы арқылы алдын ала тіркеліп қоюға болады. Дегенмен, әлі де түсіндірме жұмыстары керек дейді мамандар. АЙГЕРІМ ӘБДРАМАНОВА - №3 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «медициналық міндетті қарап-тексеруден өткізу, медициналық ұйымға тіркелу, дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру, еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру сынды 14 түрлі қызмет атқарылады. Қазіргі таңда бізде жұмыстар атқарылып жатыр. Мысалы дәрігерге қаблдауға дамумед арқылы жазылып келсе болады. Өте ыңғайлы қазіргі кезде жазылу. Үйде отырып, кезек күтпей келсе болады. Қазір енді тұрғындармен жұмыс жасап жытрмыз, дамумед қосымшасын түсіндіріп». Жалпы «Қызмет алушылар күнінде» мамандар мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі оңай алудың жолдарын түсіндірді. Іс-шараның кезекті түсіндірме жұмыстары жер қатынастары және ауыл шаруашылығы саласында өткізіледі деп жоспарланып отыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

بیشتر نشان بده، اطلاعات بیشتر

 0 نظرات sort   مرتب سازی بر اساس


تا بعدی