Suivant

Жас ғалымдар топ жарды

05/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Тараз қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында қызылордалық 13 өрен жүлдегер атанды. Облыс бойынша конкурстың ақтық кезеңіне бас-аяғы 37 оқушы қатысқан. Оның тоғызы бірінші орын, екеуі екінші, екеуі жүлделі үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар, жеңімпаздар жоғары оқу орнының грант иегері атанды. Үздіктер қатарынан көрінген қызылордалық Әуезхан Қасымхан сайысқа жетекшісімен бірге 7 ай бойы дайындалған. Таңдаған тақырыбын тереңірек зерделеген жас ғалым алға қойған мақсаты айқын екенін айтады. ӘУЕЗХАН ҚАСЫМХАН - ОҚУШЫ //Көпшілікке түсінікті болу үшін,осы мақсаттарда біз көптеген интервью алдық. Осы жарыс барысында мен бірінші орын иелендім, грант ұтып алдым. Оған өте қатты қуаныштымын. Алда жоспарлар көп. Құдай қаласа,шекті баллды жинап, Астана қаласындағы Халықаралық университетте оқығым келеді.// БОТАГӨЗ ҚАНИЕВА – ЖЕТЕКШІ //Мектеп ұжымы өте қуанышты. Қызылорда қаласындағы 271орта мектептің келер жылы 10 жыл толуына орай,бүгінгі біздің жетістігіміз үлкен сый болып табылады. Мектебіміздің мерейі үстем болсын,жалғасын таба берсін.// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant