Suivant

Ғалымдар марапатталды

17/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізуге талпынып жүрген ғалымдар марапатталды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Ғылым қызметкерлері» күніне орай салтанатты шара өтті. Елімізде соңғы жылдары ғылым саласына айрықша көңіл бөлініп келеді. Мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранттар беріліп, түрлі бағыттағы инновациялық жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, философия докторы Жарқынбек Әбікенов Қазақстанның рухани мәдениеті қалыптасуындағы құндылықтарды зерттеу үстінде. ЖАРҚЫНБЕК ӘБІКЕНОВ – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ // Оңтүстік өңірдегі азаматтардың мәдени хал-ахуалын ғылыми тұрғыда сараптап, ұсыныстар айту. Жоба екінші жылға аяқ басты. Өзінің тиісті бекітілген жұмыс жоспары бойынша зерттеу жұмыстарын жүрігізіп жатырмыз. Оның ішінде мақала мен монография жариялау, әлеуметтік сауалнамалар жүргізу секілді тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.// Университет ғалымдарының суды үнемдеу, күріш қалдықтарын кәдеге жарату сынды жобалары да қолдау тапқан. Салтанатты шарада ғалымдарға құрмет көрсетіліп, басқарма төрағасы-ректордың алғыс хаты табысталды. МАЙНҰР БӨРІБАЕВА – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ // 3 ғалымымыз Ұлттық ғылыми кеңес құрамына кіреді. Былтыр тағы 3 ғалымымыз ғылым комитеті ҚР-ның ғылыми степендиясының иегері атанған болатын. Университет тарапынан да 40 жасқа дейінгі жас ғалымдарды қолдауға тырысамыз. Соңғы 3 жылда жалпы соммасы 30 млн қаржылай көмек көрсетіп жатырмыз.// Мұндай қолдау жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, жаңа жобалардың жүзеге асуына сеп болмақ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant