تا بعدی

Жаңақорғанда темір жол көпірі салынады

09/04/24
QYZYLORDA TV
که در آسیا

Жаңақорғанда отыз жылдан астам уақыт бұрын басталған көпірдің құрылысы қайта жанданбақ. Бұл кенттің батыс және шығыс беткейін темір жол үстімен байланыстырады. Сондай-ақ биыл ауданда руханият орталығы мен оқушылар үйі бой көтереді. Ауданда көлік санының көбеюі темір жол үстінен өтетін көпірдің қажеттілігін күн санап ұғындырып келеді. Қолданыстағы темір жол өткелінің көлік өткізу қабілеті төмен. Сондай-ақ жүк көліктері өте алмайды. Ал шығыс беткейдегі өткел пойыздар қозғалысы кезінде сағаттап жабық тұрады. Кеңес кезеңінде құрылысы басталған бұл көпір араға 30 жылдан астам уақыт салып қайта қолға алынбақ. Бұл нысан 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі. Құрылысы қаңтар айында басталған. Межелі уақыт қазан айы. Учаске басшысы «жұмыс жоспарға сай жүруде»,- дейді. Құны 1,6 миллиард теңгені құрайтын Руханият орталығы орталық алаң маңынан салынады. Қазір аумақ қоршалып, жер қазу жұмыстары жүруде. Руханият жаңашырлары жаңа үлгідегі нысанның маңызы зор екендігін айтып отыр. Алдағы уақытта аймақ басшысының назарындағы нысандардың құрылыс сапасы ерекше бақылауда болмақ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

بیشتر نشان بده، اطلاعات بیشتر

 0 نظرات sort   مرتب سازی بر اساس


تا بعدی