Suivant

Су тоспасының көпірі іске қосылды

14/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Жұртшылық үшін жағымды ақпар. Жөндеу жұмыстарына байланысты көптен бері жабық тұрған Қызылорда су тоспасының көпірі қайта іске қосылды. Енді дарияның арғы бетіндегі жұртшылық алысқа сабылмай облыс орталығына емін-еркін қатынайды. Қызылорда су тоспасының қабырғасы 1940 жылы қаланды. Алайда, екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан құрылыс жұмыстары тоқтап қалған еді. Жұртшылық бейбіт өмірге оралып, арада 16 жыл өткеннен кейін ел игілігіне берілді. Содан бері де 60 жылдан астам уақыт өткен. Плотина 2014 жылы апатты деп танылды. Осыған байланысты, Су ресурстары комитеті тоспаны қайта жаңғырту жобасына 3 млрд теңгеден астам қаржы бөліп, құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталды. СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ – ҚАЛА ӘКІМІ /Су шаруашылығы министрлігі негізінен мүлде ашқысы келмеген. Елдегі халықтың мұң-мұқтажын шешуде облыс әкімі атсалысып, енді жүк көліктерінен басқа көліктердің жүруіне рұқсат берілді. Халыққа тиімділігі жоғары нысанның ашылуы осы аумақтағы халықтың сұранысынан білінеді/ Жол азабын жүрген білер. Шыны керек, күні бүгінге дейін таяқ тастам жерге сабалақтықтар сабылып, жарты қаланы айналып жететін. Көз жеткен жерге қол жетпей, әуреге түскен тұрғындар талабы орындалды. Сондықтан осы іске мұрындық болған мамандарға жұртшылықтың алғысы алғаусыз. Айта кетейік бұл арғы беттегі жұртшылықты облыс орталығымен байланыстыратын үшінші көпір. Дегенмен, гидронысанға күрделі жөндеу жұмыстары толыққанды аяқталған жоқ. Сондықтан көпір үстімен жүк көліктерінің жүруіне қатаң тыйым салынып отыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant