Avanti il prossimo

Жиырма жастағы жігіт жауапқа тартылды

29/02/24
QYZYLORDA TV
In Asia

Желік қуған 20 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды. Ол Абай даңғылының бойындағы жаяу жүргіншілерге арналған тротуарда көлік тізгіндеген. «Mercedes Benz» автокөлігін тақымдаған жүргізуші бұл әрекетіне еш қымсынбай, қайта қызықтап келе жатқанын видеодан байқауға болады. Бұл оқиға 23-ші ақпан күні түнде орын алған. Жиырма жастағы жігіт бұл әрекетін әлеуметтік желіге жүктеген. Полиция қызметкерлері өрескел заң бұзушылықты интернеттен байқап, оған заңды шарасын көрді. Жүргізуші теріс қылығы үшін өкінетінін білдірді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Mostra di più

 0 Commenti sort   Ordina per


Avanti il prossimo