Suivant

КІШІ АРАЛ ҚАШАН ТОЛАДЫ?

08/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Кіші Арал теңізінің су көлемі 10 жылда 8,5 миллиард текше метрге кеміген. Тартылған айдында балық қоры да азайып барады. Теңізді сақтап қалу жолы қандай? Тілшіміз Әділбек Серікұлы тақырыпты тарқатады. Ауданда теңізге тіршілігі байланған 20-ға жуық елдімекен бар. Тұрғындардың негізгі күнкөрісі балық шаруашылығы. Бірақ, қазір олжа бұрынғыдай емес дейді балықшылар. Теңіз суы тұзданып, балықтың кейбір түрлері сиреп кеткен. СЛАМХАН ӘЛИЕВ – ҚАРАТЕРЕҢ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ /Дарияда су мөлшері молдау болса, теңізге де мол түседі ғой су. Сол үздіксіз ағып тұрса, барлық балықтың қырылуын аман сақтап қалар еді. Сол алаңдататын мәселеміз. Келешек жастар қалай күн көреді екен. Сондықтан Арал теңізі үзілмей суланып тұрса./ Осыдан 10 жыл бұрын Кіші Аралда 27 миллиард текше метр су болса, қазір бұл көрсеткіш 7 миллиардқа кеміген. Тартылып бара жатқан теңізді сақтап қалу үшін мамандар тиісті шаралар қабылдап жатыр. ӘДІЛБЕК СЕРІКҰЛЫ - ТІЛШІ /«Көкарал» бөгетіндегі су реттегіш тоспа бұрын қыс-көктем айларында ашық тұратын. Кіші Аралға жиналған су сарылдап өлі теңізге құйылып, балықтар қырылатын. Соңғы екі жылдан бері гидронысанның барлық тоспалары жабылып, қазіргі таңда Кіші Аралды толтыру өзекті мәселеге айналды./ Былтыр теңізді ұстап тұрған «Көкарал» бөгетінің су шайған 200 метр аумағы нығайтылып, қайта қалыпқа келтірілді. Ал тоспа жабылған екі жылда Кіші Аралдың деңгейі 20 сантиметрге көтерілді. Жағдайды бағамдап отырған сала басшылары биыл да Сырдария өзенінен Аралға тиісті мөлшерде су келеді деп болжам айтуда. СЕРІК СЕРМАҒАМБЕТОВ - ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУСРТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ /Былтырғы өткізілген мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясында Ташкентте болжаммен 1,6 миллиард суды түсіруді көзделген болатын. Қазіргі таңда соның 713 миллион текше метр суы осы уақытта түсіп тұр. / Кіші Арал мәселесі қазір Үкімет назарында. Жуырда еліміздің су ресустарын басқару жүйесін дамытудың тұжырымдамасы қаралды. Яғни, трансшекаралық өзендер бойынша Қазақстан көршілес мемлекеттермен мәмілеге келіп отыр. Сол келісім аясында Кіші Аралға жыл сайын 1,5 миллиард текше метр су құйылатын болса, 2030 жылға қарай теңіз ернеуіне жетеді деген болжам бар. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant