Следующий

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН 95 ҚЫЗ ЖҮКТІ БОЛҒАН

26/01/24
Atyraý TV / Атырау ТВ

Былтыр аймақта 8000-ға жуық әйел ана атанған. Қуантарлық жәйт. Алайда оның ішінде кәмелетке толмаған 95 бұрымды жүкті боп қалған. Ерте жүктіліктің өсімі жыл сайын көбейіп келеді - дейді мамандар. Өйткені 2022 жылы дәл осындай 28 дерек тіркелген. Өз кезегінде «Ерте жүктіліктің алдын-алу, жасөспірімдердің жыныстық сауаттылығы» өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу бойынша өңірдегі бірқатар мектепке гинеколог және психолог мамандар дәріс оқыды. Мектеп жасындағы қыздардың ерте жүкті болуына басты себеп, отбасындағы жағдай әсер ететін көрінеді. Яғни, толыққанды емес жанұядан шыққан жасөспірімдер осындай жағдайға тап болып жатады. Өңірде өткен аталмыш іс-шараны қалалық жастар ресурстық орталығы, №1-ші қалалық емханасымен бірлесе ұйымдастырды. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO

Показать больше

 0 Комментарии sort   Сортировать по


Следующий