Suivant

Мемлекет басшысы Пан Ги Мунмен кездесті

29/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен ұлттар ұйымының 8-ші Бас хатшысы, Боао Азия форумының төрағасы, Жаһандық жасыл даму институты Ассамблеясының Президенті Пан Ги Мунмен кездесу өткізді. Қазақстан Президенті Боао форумына қатысуға шақырғаны үшін Пан Ги Мунға ризашылығын білдірді. Кездесуде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде БҰҰ-ның жаһандық сын-қатерлерді тиімді еңсерудегі рөлі талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстанның халықаралық бастамаларына да тоқталды. Бас Ассамблеяның 79-шы сессиясы аясында Қазақстан Франциямен бірлесіп, One Water саммитін өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар Астанада 2026 жылы Өңірлік климаттық саммит ұйымдастырылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Пан Ги Мунды алдағы Астана халықаралық форумына бас спикерлердің бірі ретінде қатысуға шақырды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant