Suivant

Сарбаздар әскери бөлімге оралды

30/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдайдың салдарын жою және алдын алу жұмыстарына жұмылдырылған 55-те 47 әскери бөлімінің жеке құрамы Қызылордаға оралды. 5547 әскери бөлімінің 200 ге жуық әскери қызметшісі 11 сәуір мен 27 сәуір аралығында Орал қаласында төтенше жағдайға байланысты тапсырмаларды орындаған болатын. Жеке құрамды Қызылорда қаласының темір жол вокзалынан 5547 әскери бөлімінің командирі, подполковник Ерген Бастамиев бастаған топ пен әскери қызметшілердің туған-туыстары күтіп алды. Айта кетейік, әскери бөлімнің жеке құрамы Батыс Қазақстан облысындағы Юннатов, Зачаганск, Старички елді мекендеріндегі су тасқынының алдын алу бойынша міндеттерді орындады. Круглозерный кентінде құм толтырылған қапшықтарды дайындауға және жағалауға төсеуге көмектесті. Сондай-ақ, тонауға жол бермеу үшін елді мекендердің көшелерінде патрульдік-бекеттік қызмет атқарды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant