Hasta la próxima

Синтетикалық есірткі затын таратқан 20 жастағы күдікті ұсталды

19/02/24
QYZYLORDA TV
En Asia

Облыс орталығына синтетикалық есірткі затын таратқан ақмолалық 20 жастағы тұрғын қолға түсті. Тінту кезінде күдікті орналасқан қонақүйден полиэтилен пакетке салынған үш дана сұр түсті ұнтақтар табылған. Оған қоса, күдіктінің интернет желісі арқылы тапсырыс қабылдап, қала аумағында 10 жерге жасырғаны анықталған. Сараптама қорытындысымен тәркіленген ұнтақтың психотроптық заттарға жататыны белгілі болды. Бүгінгі таңда бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Mostrar más

 0 Comentarios sort   Ordenar por


Hasta la próxima