Suivant

Сыр театры Түркияда өнер көрсетті

22/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Сыр театры Түркия төрінде өнер көрсетті! Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының ұжымы Түркия астанасы Анкара қаласында «Ақ Ләйлек» драмасын сахналады. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевтың туындысын түрік жұртшылығы жылы қабылдап, әртістердің кәсіби қырын оң бағалады. Анадолы еліндегі өнер кеші турасында тілшіміз сабақтайды. Шын өнер тілге, түрге бөлінбейді. Бұл ұғымның қалт айтылмағанына көпшілік осы кеште көз жеткізе түскендей. Мүлгіген мейірім мен қарттық қауқарсыздықты бейнелейтін психологиялық драма бастан-аяқ қазақ тілінде сахналанды. Дегенмен түрік жұртшылығы тілдік кедергіні байқай қойған жоқ. Шығармаға елітіп, көз жасына ерік бергендер де болды. Ал қойылым соңында барлығы тік тұрып қошемет көрсетті. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевтың бұл шығармасында адамгершіліктің аласарғаны ашық суреттеледі. Спектакль желісі жетім қыздың қиын тағдыры арқылы өрбиді. Науқас әжесімен арадағы диалогқа негізделген қойылым қоғамдағы ащы шындықты бейнелей отырып, көременге ой салды. БҮЛЕНТ АРАСЛЫ – КӨРЕРМЕН //Қойылым көңілімізден шықты. Әртістердің кәсіби шеберліктері жоғары екен. Сондықтан қазақ тіліндегі барлық сөздерді түсіндік. Нағыз бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселені көрсете білді/ Түрік топырағындағы тамаша кештің өтуіне ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен облыс әкімідігі ұйытқы болды. Айта кетерлігі, театр труппасы өнер сапары барысында Түркияның тарихи орындары мен туристік аймақтарын тамашалады. Ал, өзге мемлектте ел мерейін асқақтатқан Сыр мақтаныштарын жұртшылық әуежайдан ықыласпен күтіп алды. Осылайша қастерлі өнердің байрағын биіктеткен өнер ұжымы туған жерге зор құрметпен оралды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant