Suivant

«Сыр әзілі» сахнаға қайта оралды

17/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қағытпа қалжыңмен қалың көпшіліктің ықыласына иеленген «Сыр әзілі» әзіл-сықақ отауы қайта оралды. Араға уақыт салып, көрерменен қауышқан өнер ұжымы астарлы әзіл айтып, қыран-топан күлкіге қарық қылды. Сатирада «Сыр әзілі» әзіл-сықақ отауының айрықша орны бар. Якуда Халықұлов, Бақтияр Есенов, Серік Төлеповтер негізін қалаған өнер ұжымы сонау 1994 жылдан бері ел алдында. Бірнеше рет республикалық байқауларда топ жарып, аймақ мерейін асырғаны да есімізде. Араға біршама үзіліс салып, «Сыр әзілінің» құрамы жастармен толықты. ДАНИЯР САБЫРОВ – «СЫР ӘЗІЛІ» ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ОТАУЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ //Концерттер беріп жатырмыз. Бәрі бірден болып кетпейді. Құдай қаласа, жақсы бір дәрежеге жетеміз деген ойдамыз. Күнделікті күйбең тірлікті сатира арқылы суреттеген әзіл-шыны аралас интермедиялар еріксіз езу тартқызады. Өнерге сусаған сырбойылық талғампаз көрерменнің күтетін осы. Сатира – өмір айнасы. Оны жазуда терең толғаныс қажет. Сондықтан өнер ұжымы шығармашылық ізденіс үстінде. Алдағы уақытта көрерменді жаңа концерттік бағдарламамен қуатпақ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant