Suivant

ТАЛСУАТТА КЛУБ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

09/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Талсуат ауылдық округінде 150 орындық клуб пайдалануға берілді. ҚАНАТБЕК НҰРМАҒАНБЕТОВ – ТАЛСУАТ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ //Мәдениет үйі бұрын ескі ғимаратымыз болған. 75 жылы салынған. Ол кейін апатты жағдайда деп жабылған. Содан кейін біз ұжымымызбен 178 мектептің екі бөлмесін жалға алып отырдық. // Мына ғимаратта мүмкіндік көбейіп тұр. Сондықтан үйірмелерді көбейтеміз. Қуыршақ үйірмесін ашсақ па деген ойымыз бар. Тағы алдағы уақытта мүмкіндік бар болғаннан кейін, мамандарды шақырып, келім жұмыс істей алады.// Екі қабаттан тұратын нысан заманауи талаптарға сай салынған. Кең сахнасы бар. Балалардың шығармашылығын дамыту үшін ән, домбыра, би, көркем сөз, сурет үйірмелері, сонымен қатар кітапхана жұмыс істеп тұр. Клубтың ашылуына аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев қатысты. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ //Осы жылы да бізде жаңа жобалар жүзеге асатын болады. Аймағымыздың бюджеті өткен жылы 13-ші желтоқсанда бекітілді. 650 млрд.теңге болып. Оған екі жыл жетпес уақыт бұрын біздің өңірдің бюджеті 387 млдр.теңге болатын. Міне екі жылдың ішінде президентіміздің Сыр өңіріне деген ерекше қолдауының арқасында Үкіметтің, екі есеге артып отыр. Бұл қаражат жыл көлемінде едәуір ұлғаятын болады.// АЯУЛЫМ БЕЙСЕМБАЙ – ОҚУШЫ //Біз осы мәдениет үйінде алғашқы іс-шарамызды өткізіп жатырмыз. Бұл іс-шара Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына жасалып отыр. әлі алда көптеген іс-шара өткіземіз деп жоспарлаймыз. Бұл кітапханада көптеген кітап қоры бар. Біз қалаған кітапты алып, оқып, ол туралы мазмұндай аламыз. Мен алда өзімнің домбырадағы дарындылығымды арттырғым келеді, өскенде күйші немесе дәстүрлі әнші болғым келеді.// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant