Suivant

Қазақ күресінен республикалық турнир

12/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыс орталығында күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық ашық турнир бастау алды. Екі күнге созылатын балуандар бәсекесі осымен он екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Шараға қала әкімі Серік Қожаниязов арнайы келіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Қазақтың мақтанышы Қажымұқан – кәсіпқой палуан. Ол – күрестің бірнеше түрінен Әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы. 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің палуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім жоқ. Күш атасын еске алуға арналған бозкілемдегі бәсекеде бәйге алу – қазіргі жастар үшін нағыз жеңіс! Сондықтан 2012 жылы облыстық сайыс ретінде бастау алған турнир бүгінде республикалық дәрежеге жеткен. Ал, жастар бұл жарысты жібермеуге тырысады. Себебі, білікті бапкерлер бұл бәсекені спортшылар үшін үлкен трамплин деп бағалайды. Айтулы дода биыл он екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ – ҚАЛА ӘКІМІ // Осы жылдар ішінде бабы келісіп, қанат қаққан темірқанат түлектер Азия мен Әлемді мойындатты. Турнир жеңімпаздары Руслан Теміржан жастар арасында әлем чемпионы атанса, Шәріп Серікболсын, Бекзат Шакизаевтар ел чемпионы болды. Демек, дүбірлі доданың келешегі кемел екендігі даусыз. Өздеріңізге белгілі, бұл турнирдің ерекшелігі жарыс жеңімпаздарына спорт шеберлігіне үміткер атағы беріледі. Балуандар өз аймақтарының құрама командасы сапында өнер көрсетуге мүмкіндік алады. ЖЕҢІС ДИХАНБАЙҰЛЫ – ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ // Қазір бір жұмадан кейін Түркістан қаласында «Түркістан – Түрік әлемінің Астанасы» деген аясында үлкен «дала қырандары» деген жарыс өтейін деп жатыр. Соған іріктеуі бар келген балалардың. Биыл маусым айында Индияда Азия чемпионатын жоспарлап отырмыз. Соғанда іріктеуі бар. 250-ге жуық спортшыдан он бес команда жасақталды. 2004-2006 жылғы жеткіншектер тоғыз салмақ дәрежесі бойынша сынға түсеуде. Спортшылар әуелі топтық кезеңді бағындырып, бағы мен бабы келіскендер финалдық ойында белдеседі. Ал, Жамбыл облысынан келген Жалғас Жоспар жарыстың алғашқы күнінде-ақ екі қарсыласының жауырынын жер иіскетті. Айта кетейік, екі күнге созылған сайыс жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталады. Ең бастысы: спорт шеберлігіне үміткер атағы беріліп, ұлттық құрама командасына қаралымға алынады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant