Suivant

Қызылордада 10 мың көшет егіледі

26/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Биыл облыс орталығына 10 мың көшет отырғызу жоспарланған. Оны күтіп-баптау жұмыстарымен «Жасыл даму» мекемесі айналысады. Өткен сенбіде қаладағы «Денсаулық және демалыс» саябағына көшет егілді. Игі іске қала әкімдігі ұйытқы болды. Көгалдандыру – көптің ісі. Табиғат-ана оянған мезгілде көшет отырғызу шаһарда үрдіске айналған. Сенбілікке қатысушылар алдымен саябақты күл-қоқыстан тазартты. Көктемнің шуақты күніндегі игі шараға ардагерлер мен еңбек ұжымдары бір кісідей атсалысты. Ортақ іске жұмылған жұртшылық «Денсаулық және демалыс» саябағына 1000-нан аса көшет отырғызды. НҰРЛЫБАЙ ҰЛЫҚПАНҰЛЫ – ЕҢБЕК АРДАГЕРІ // Қазақта жақсы сөз бар ғой. «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деген. Мына жер жақсы инженерлік жүйеге келтірілген екен. Жері де жақсы. Енді осыны жақсарып, суарса, бұл жер көгалды аймаққа айналары сөзсіз. Биыл облыс орталығын көгалдандыруға ерекше мән беріліп отыр. Қазіргі таңда арық жүйесін тазарту жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл шаралармен «Жасыл даму» мекемесі тікелей айналыспақ. Сондай-ақ, аталған мекеме қала көлемінде егілген көшеттерге есеп жүргізіп, шығымдылығына жауап береді. ӘЖІБЕК МАМПАЕВ – «ЖАСЫЛ ДАМУ» КММ ДИРЕКТОРЫ // Биыл қалаға жоспар бойынша 10 мың көшет ағаштары егіледі. Оның барлығы жергілік жердің көшеттері болады. бұрынғыдай сырттан әкелу жоқ. Ясин, сыр талы жергілікті жерге жерсінген көшеттер егіледі. Осылайша тіршілік түлейтін мезгілде Сырдың бас қаласын көркейту, абаттандыру жұмыстары қарқын алмақ. Ал жалпыхалықтық сенбілік алдағы уақытта жалғасын таппақ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant