Suivant

Қызылордалық сарбаздар Оралға жұмылдырылды

19/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қызылордалық әскерилер Орал қаласына жұмылдырылды. Қазір олар Батыс Қазақстан облысындағы су басу қаупі бар аумақтарда жауынгерлік қызметтерін атқаруда. 5547 әскери бөлімінен 200 сарбаз және 7 техника Орал қаласына 11 сәуір күні аттанған. Жеке құрам №12 жол көлік колледжіне орналастырылған. Қазір сарбаздар Жайық өзені бойындағы Зачаганск өндірістік базасы мен Перевалочная роща, Круглозерное, Желаев, Стелла елді мекендеріне бөлініп, бөгет тұрғызу, қапқа құм жинау және гуманитарлық көмектерді жөнелту бойынша жұмыстарды атқарып жүр. Ал тұрғындар әскерилерге алғысын білдірді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant