Следующий

ҚҰЛСАРЫЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖАЗҒЫ ЛАГЕРГЕ БАЛҚАШҚА БАРАДЫ

01/05/24
Atyraý TV / Атырау ТВ

Су тасқынынан зардап шеккен құлсарылық оқушылар жазғы демалыстарын Балқашта өткізеді. , оқушылардың жазғы демалыс және еңбек лагерлері маусым айында ашылады. Бірақ, Құлсары қаласының қазіргі жағдайына байланысты бұл өңірдің оқушылары үшін жазғы лагердің маусымын ерте бастау туралы шешім қабылданған. Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Молдашқызының айтуынша, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тарапынан «Балдәурен» жазғы лагеріне Құлсары қаласының оқушылары үшін биыл орындар көптеп бөлініп жатыр. «Құлсары қаласында 3000-нан астам оқушы баспанасыз қалған. Оларға көңіл бөлу, қамқорлық жасау білім беру ұйымының басты назарында. Осы орайда 23 бала 3-мамыр күні жазғы лагерге барады. Жалпы, Атырау облысы бойынша оқушылар Балқаш қаласынан бөлек, Ресей Федерациясының Железноводск қаласында орналасқан «Қазақстан геологі» емдеу пансионатына, Индер ауданындағы «Жас Өркен» және Махамбет ауданындағы «Арай» балалар демалу лагеріне жіберіледі», деді спикер Орынтай Биманова. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO

Показать больше

 0 Комментарии sort   Сортировать по


Следующий