Suivant

Әдеби автобус жолға шықты

24/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Бүгін – Дүниежүзілік кітап және автор құқғын қорғау күні. Осыған орай №11 бағыттағы әдеби автобус жолға шықты. Ерекше шараны қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері ұйымдастырған. Жолаушылар жол жөнекей ән тыңдап, ақындардың поэзиялық өлеңдерімен сусындады. Ал, кітапқа жаны құмар жас өрендер ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, жолаушылардың алғысын алды. // Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы деп, барлық алтын қазына осы кітапта. Білімде. Осы кітаппен, біліммен адамның бойында ұлттық салт-дәстүр қалыптасады. Қазіргі жастарымыз кітап сүйер жастар болып, алдыңғы қатарда ойлы жастар болып өсе берсін. Әдеби автобусқа мінген жолаушыларға Сыр елінде туған ақын-жазушылардың шығармалары таныстырылды. Мұнан бөлек, викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс тапқандарға кітаптар табысталды. ҚАРЛЫҒАШ СРАЖАДИНОВА – ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ АҒА КІТАПХАНАШЫСЫ // Бұл сұрақтар осы кітаппен байланысты. Кітап, кітапхана төңірегінде. Рухани қазынамыздың төңірегінде. Біздің жергілікті ақын-жазушыларымыздың шығармаларымен байланысты. Әрбір мінген жолаушыларымыз кітапханаға барады ма, кітапханаға барғанда қандай бағыттағы кітаптар оқиды, сол жөнінде ерекше сұрақтар қойылады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant