Neueste Videos

QYZYLORDA TV
2 Std. vor

Тіл – мемлекеттің тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тіліміздің мәртебесін арттыру мақсатында Ұлттық статистика бюросының облыс бойынша департаментінде семинар өтті. Семинарға филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов, үш дүркін алтын домбыра иегері Мұхтар Ниязов және тіл жанашырлары қатысты. Онда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жайы кеңінен талқыланды. Бүгінде аймақтағы мейрамханалар мен дәмханалардың біразы ас мәзірін қазақ тілінде ұсынады. Сондай-ақ, Сыр өңірінде іс қағаздар түгелдей мемлекеттік тілде жүргізіледі. Статистика департаментінде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру үшін түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар тұрақты өткізіліп келеді. Жиында осы бағытта жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспар нақтыланды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 Std. vor

Облыс орталығында жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіруге айрықша маңыз беріліп отыр. Бұл бастамаға бюджеттен 21 миллиард 500 миллион теңге қаржы қаралған. Қызу тірлік басталып та кетті. Жұмыстың жай-жапсарын шаһар басшысы өзі бақылап, мердігер мекеме жетекшілеріне бірқатар тапсырма жүктеді. Шыны керек, қиюы кеткен жолдарды жөндеуге жыл сайын мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінеді. Бірақ оны дер кезінде игеру ісі кемшін. Биыл бұл олқылық орын алмас үшін жауаптылар ерте қам жасап отыр. Қазірдің өзінде жалпы ұзындығы 46 шақырымды құрайтын 35 көшеге орташа жөндеу жұмыстары басталып кетті. Бастысы бұл іс сапалы аяқталуы тиіс. Сондықтан қала әкімі қым-қуыт тірліктен қалтарыс тауып, барлық нысан жұмысына бақылау жүргізді. Жыл өткен сайын облыс орталығының аумағы кеңейіп келеді. Тиісінше көлік кептелісі де орын ала бастады. Сондықтан шаһардың негізгі көшелерін кеңейту уақыт талабы. Қазір Қожа Ахмет Ясауи, Елеу Көшербаев және Жаппасбай батыр көшелерін 4 жолаққа ауыстыру жұмысы қарқын алды. Бұл бастамаға бюджеттен 6 млрд, 800 миллион теңге қаржы қаралған. Жолдың тақтайдай тегіс болуы байыпты бақылау мен мердігер мекемелердің жауапкершілігіне тікелей байланысты. Қызылордада жол инфрақұрылымын жетілдірумен қатар, көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыруға да мән беріліп отыр. Ауқымды бастамаға өңір тайқазанынан 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бүгінде 25 көпқабатты тұрғын үй ауласындағы балалар ойын алаңдарына күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Сәтін салса бұл жұмыс бірер айда толыққанды аяқталмақ. Абаттандыру және жол жөндеу жұмыстарымен танысқан қала әкімі тұрғындармен тілдесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Шаһар басшысы жұртшылықтың шағымына орай бірқатар мердігер мекеме жетекшісіне ескерту жасап, жұмысты сапалы жүргізуді тапсырды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 Std. vor

Қазақ әскерінің Таулы Қарабақ қақтығысынан шығарылғанына биыл 33 жыл. Осыған орай қаладағы нөмірі 136 мектеп-лицейде волейболдан турнир өтті. Таулы Қарабақ аймағындағы бітімгершілік операциясына Сыр өңірінен 200-ге жуық сарбаз аттанып, әскери борышын атқарған. Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығысқа қатысушылардың ерлігін ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған мектепаралық турнирге 10 команда қатысты. Жарыс қортындысы бойынша 136-шы мектеп-лицей командасы бірінші орынды иемденді. Ал №12 IT мектеп-лицей екінші орынды қанжығаласа, №6 орта мектеп үшінші орынға лайық деп танылды. АРМАН БИМАҒАНБЕТ - «ТАУЛЫ ҚАРАБАҚ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОДАҒЫ» ҚБ ТӨРАҒА КЕҢЕСШІСІ «жалпы біздің негізгі мақсатымыз жастардың арасында отаншылдық, патриоттыққа жалпы алдағы уақытта Отанын қорғай алатын азаматтар тәрбиелеуге өз үлесімізді қоссақ деген. Алдағы уақытта әскери патритоттық жарыстар, спорт ойындары сонымен қатар кездесулер ұйымдастырамыз». БЕКАРЫС ҚАЛБЕК – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ «Номері 6-мектепте 10-сынып оқимын. Волейболға қатысып келе жатқаныма 3 жылдай уақыт болды. Осы жарысқа келіп жеңімпаз боламыз деген үміттеміз. Волейбол спортына Қызылорда қаласында көпетеген оқушылар қызығады. Көптеген жарыстар болады. Біз әр жарыстан өзімізге үлгі, тәжірибе алып жатырмыз». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 Std. vor

Қармақшы ауданында «Таза Қазақстан» републикалық экологиялық акциясы аясында «Жеңіс» саябағына тазалық жұмыстары жүргізіліп, маңы абаттандырылды. Экоакция аясында саябақтың аумағына 100-ден астам тал шыбықтары егіліп, айналасы қоқыстан тазартылды. Бұл жұмыстарға аудан ардагерлері, белсенді жастар және мәдениет саласының қызметкерлері атсалысты. ӘЙГЕРІМ ЕШБАЕВА – АУДАНДЫҚ ЖЫРАУЛАР ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ // Әрбір азамат, туған елдің, жердің көркеюіне, гүлденуіне және сол өлкенің таза болуына атсалысу, еңбек қылу біздің және болашақ ұрпақтың борышы деп білемін Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 Std. vor

Правительство утвердило дополнительную помощь в размере до 150 МРП пострадавшим от паводков для возмещения утраченного имущества первой необходимости. Олжас Бектенов – Премьер-министр РК //Мной подписано соответствующее постановление. На данный момент порядка 11 тыс. семей получили единовременную выплату в размере 100 МРП. Это начало большой работы. Будем выплачивать дополнительно до 150 МРП. Кроме того, будут возмещаться потери предпринимателей. Обращаюсь к гражданам и призываю всех к спокойствию. Никто не останется без помощи./ В Абайской, Улытауской, Павлодарской, Карагандинской, Акмолинской и Костанайской областях стабилизировалась ситуация. Вода начинает отступать в Петропавловске и Кульсары, где наблюдалась очень сложная обстановка. В целом по стране подтоплено свыше 5 тысяч домов. Для потерявших жилье будут построены новые дома или по желанию предоставлена готовая уже недвижимость. На сегодня сложная ситуация сохраняется по реке Жайык. Ответственным министерствам и акиматам поручено строго контролировать ситуацию в регионах, где еще есть угроза, при необходимости проводить принудительнуцю эвакуацию жителей. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
11 Std. vor

Қазақстанның Мәдениет қайраткері, балетмейстер Роза Боранбаеваның өнер сахнасында жүргеніне тура 50 жыл. Осыған орай Жалағаш ауданында шығармашылық кеші ұйымдастырылып, мерейтой иесі жұртшылыққа керемет көңіл күй сыйлады. Роза Оспанқызы 1958 жылы Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылында дүниеге келген. Ол бала күнінен көпшіліктің алдында өнер көрсетуді армандапты. Соған талпынды. Осылайша бұрымдының биге деген ерекше махаббаты кәсіби өнердің биігіне көтерді. РОЗА БОРАНБАЕВА – ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ // Егер би өнері қайтып келіп, мен билейтін болсам, менің арманым жоқ деп ойлаймын. Мен бұл салада, бұл өнерді, биді мен бала кезден // өнерге бет бұрғанмын. Мен қай кезде болса да өнерді тастамаймын деп ойлаймын. 70 ардагерім бар мәдениет бөлімінде // әлі де болса ардагерлерімді концертке қосымын, дайындаймын. Көркем өнерпаздар байқауында гала концерт береміз. Әлі де болса мен өлең айтудан да, билеуден де шаршамаймын. Роза Боранбаева «Алтын-Арай» ән-би ансамбілімен түрлі гастрольдік сапарға шығып, талайды биімен тамсандырды. Ал, 2000 жылдан бастап ән-би ансамблінің балетмейстрі болып қызмет атқарды. Шәкірттері қаншама?! Шығармашылық кеште осынау өнер иесіне құрмет көрсетілді. ҒАНИ СҮЛЕЙМЕНОВ – АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ // Қиын кезде де Роза апай осы өнерді тастаған жоқ. Қай кезде де осы сахынаның төрінен көрінді. Қай кезде де еткен еңбек, маңдай тер бағаланады. Соның бір үлкен бір дәлелі бүгін деп есептеймін. Роза апай сіз қанша шәкірт тәрбиелеп жатырсыз, шәкірттеріңіз халықаралық, республикалық дәрежеде өнер көрсетіп жүр. Сіз бақытта анасыз, нағыз тәлімгерсіз! Иә, Роза Боранбаева талай таланттың томағасын сыпырды. Өзі де жастармен бірге жүрді. Қазір, зейнет жасына келсе де өнерден қол үзбей келеді. Қайта, өзін жан-жақты дамытып, түрлі қырларын байқап көруде. Оған шығармашылық кеште куә болдық. САҚЫПЖАН АЙМАХАНОВА – Р.БОРАНБАЕВАНЫҢ ҚҰРБЫСЫ // Шындығында да бақытын өнерден тапқан кісі. Нағыз өнердің жолына берілген кісі. Кезінде бірге жұмыс істедік. 72 мен 87 жылдары сондай өнерге берілген кісімен әріптес болғаныма, құрбы болғаныма мен қуаныштымын. АСЫЛТАС ҚАЙЫРДЕНОВА – Р.БОРАНБАЕВАНЫҢ ӘРІПТЕСІ //Зейнетке шықса да әлі де қатардан қалып жатқан жоқ. //шәкірттерін көріп жатырмыз Розаның. Сахнада мың бұралған тамаша шәкірттері бар екен. өзі тәрбиелеген шәкірттерінің өнерін көру өте бір ғанибет. Сондықтан Розаның беделі әлде де жоғары болып тұрғанына көзім жетті. Шығармашылық кештің соңында мерейтой иесі сөз алып, өнерін сыйлап келген көрермендерге алғаусыз алғысын айтып, аудан өнерпаздарымен бірге әннен шашу шашты. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
15 Std. vor

«Таза Қазақстан» экоакциясы жалғасуда. «Жасыл аймақ» апталығы аясында Аралда 70 тал-терек пен 100 түп гүл егілді. Жалпы биыл Арал қаласында үш мың тал шыбығын отырғызу көзделген. Соған сәйкес көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Оған жергілікті жерге төзімді терек пен қара тал таңдап алыныпты. Одан бөлек ауданның орталық көшелері мен демалыс орындарына гүл егіледі. Аталған жұмыстарды мекеме қызметкерлері мен ерікті жастар атқарып жатыр. БАТЫРЖАН ҰЗАҚОВ - АРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ «Аралдың өзінің ауа-райы енді-енді ғой жылып бастағаны. Гүлді де, талды да толықтай егіп бітуге жұмыс жасаймыз. 3000 тал үкіметтің қаржысынан емес, демеушілердің есебінен бітіп жатыр. Гүл де солай. 200-ге тарта гүл алдырттық. Дәндерін сырттан алдыртып жатырмыз. Біздің аралдың ауа-райына шыдайтын гүлдер алдырттық.. Су мәселесіне келсек скважина суын тұщылатып, аяқ су ретінде осы көшелерге осы талдарға эконом жасайтын жұмыстар жүргіземіз». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
15 Std. vor

Бүгін Сыр диқандары дән себу жұмыстарын бастады. Нағи Ілиясов ауылындағы «Дала күні» семинарына Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары мен облыс әкімі арнайы қатысып, агросаладағы өзекті мәселелерді талқылады. «Мемлекетаралық Су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының» кезекті отырысында вегетация кезеңінде Шардара су қоймасынан облысқа 3,5 млрд. текше метр су жіберуге келісім жасалынды. Белгіленген су лимитіне сәйкес егіс көлемі қайта қаралып, 187 мың 500 гектарға ауыл шаруашылық дақылдары орналастырылатын болды. Оның ішінде күріш 78 мың 300 гектарға егіледі. Яғни, былтырға қарағанда Сыр салысы 10 мың 800 гектарға аз егілмек. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ Биыл егілетін күріш осы көлемнен аспауы керек. Бұл жөнінде өңірдегі барлық ауылшаруашылық мамандарына тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мемлекет басшысы егін егу науқанын мерзімінде әрі сапалы ұйымдастыруды тапсырды.... Мамандардың айтуынша, биыл өңірде жоғары репродукциялы күріш тұқымының жеті сорты егіледі. Арнайы дайындалған күріш тұқымының 2,4 пайызын отандық, 97,6 пайызын Ресейлік және Украина сорттары құрайды. Шаруашылық құрылымдары қажетті тұқымдармен толық қамтамасыз етілген. ТАЛҒАТ ДҮЙСЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын жаңарту бағытында Туркиядан алдырылған күріштің 2 сорттарын Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында сынақтан өткіземіз... Егіске қажетті техника, жанар-жағармай, тыңайтқыш қоры да жеткілікті. Ендігі міндет, дән себу жұмыстарын уақытылы аяқтап, алқапты суға бастыру. «РУХАНИЯТ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ Бүгін сондай-ақ Тереңөзек кентінде облыс бойынша алғаш болып «Руханият» орталығының іргетасы қаланды. Енді музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер, аналар және жастар орталықтары бір ғимаратқа шоғырланады. Ең бастысы, орталықтағы кітапхана тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Шарада сөз алған облыс әкімі: «Бұл нысан алдыңғы буын аға-апалардың өмір жолын ұлықтап, жас ұрпақты адал еңбекке, ізгілікке үндейтін нағыз руханият ордасы болсын»,- деген тілегін жеткізді. Дәл осындай «Руханият» орталығы барлық ауданда бой көтереді. Жалпы, Сыр өңірінде «Руханият жылы» аясында мұнан басқа да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, облыс орталығында мың орындық «Өнер орталығы» ашылса, 650 орындық музыкалық колледж ғимаратының құрылысы басталды. Мұнан бөлек, балалар мен жасөспірімдерді шығармашылыққа баулитын «Шығармашылық академиясы», екі ауданда Оқушылар үйі мен Өнер мектебі салынып жатыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 Tage vor

"Адамды да, шыбынды да газетпен өлтіруге болады" - деген Нұрмахан Елтайдың пікірі өзгерді ме? "Қызық Орда" бағдарламасынан көріңіз. #қызықорда #qyzyqorda #қызылорда #podcast #сырелі #дегенекен #мұхтарниязов #қалжың #елаузында #әзіл #айтыс #qyzylordatv Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 Tage vor

Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 Tage vor

Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 Tage vor

Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 Tage vor

Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 Tage vor

Бүгін Үкіметте су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалу барысы мен өңірлерде тұрғын үй құрылысын дамыту және проблемалық жобаларды аяқтау мәселесі қаралды. Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар тапсырма берді. Қазір Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарына қызылордалық құтқарушылар жұмылдырылған. Мәжілісте Қызылорда қаласына Атырау облысынан келген 100-ден астам адамға көмек көрсету, оларды жайлы орынмен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, жауапты басқарма басшыларына «Телікөлге» жиналған суды тиімді пайдалануды ұйымдастыру тапсырылды. Үкіметте қозғалған екінші мәселе тұрғын үй құрылысын дамыту және проблемалық жобаларды аяқтау туралы болды. Нұрлыбек Машбекұлы қала және аудан әкімдеріне сатып алынуы жоспарланған тұрғын үйлердің жерін рәсімдеуді, инженерлік инфрақұрылыммен қамтуды және оларды сатып алу конкурстарын ұйымдастыруды бүгіннен бастау керектігін ескертті. Құрылыс жұмыстарының мерзімінде әрі сапалы жүргізілуі қатаң бақылауға алынуы тиіс. Үкімет қаулысында Еуропалық даму банкінің 300 млрд. теңге нарықтық қаражатын тартып, «Отбасы банкі» арқылы жаңа ипотекалық бағдарламаны 2024 жылдың мамырында іске қосу тапсырылған. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 Tage vor

Батыс Қазақстан облысына жұмылдырылған қызылордалық төтеншеліктер бір үйір жылқыны судан құтқарып, иесіне тапсырды. Қазір су басқан аймақта Батыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарының құтқарушылары жұмыс істеп жатыр. Олар осы кезге дейін Ақжайық ауданына қарасты Бударино, Коловертное және Жаңабұлақ елді мекенінің аумағынан 137 бас жылқыны жағаға шығарған. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 Tage vor

Қала әкімінің төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті. Жиында көрнекі ақпарат құралдарының дұрыс орналасуы, әлеуметтік желіде көтерілген проблемаларға дер кезінде жауап беру мәселесі қаралды. Тұрғындар тарапынан қала әкімдігінің парақшасына жыл басынан бері 393 сауал түскен. Оның басым бөлігі коммуналдық салаға қатысты. СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ, ҚАЛА ӘКІМІ Көп жағдайда масылдық көзқарас қалыптасқан. Әлеуметтік желіде ана жерде мусор, мына жерде тал құлап жатыр деп. Мұны тұрғындарға түсіндіру керек. Бұл кск-ның жұмысы. Сын болады жұмыс бар жерде. Бірақ қаншама жұмыс жасалыпжатыр. Соны көрсету керек. 25 көпқабатты үйдің ауласында балалар алаңы жөнделуде... Қалада істеліп жатқан жұмыс көп, соны халық білуі керек. Сондықтан ақпараттандыру жұмыстарын қолға алыңдар деді, - қала әкімі. Тағы бір мәселе, тозығы жеткен тұғырлар мен жыртылған билбордтарды жаңарту керектігі айтылды. ЕРХАН БАҚБЕРГЕНҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ Атап айтқанда, барлық жеке тұғырлардың тазалығы сын көтермейді. Атап айтқанда, 37 тұғырдың түсі өңген, 32 тұғырға билборд ілінбеген, 3 тұғырдағы билборд ескірген, сондай-ақ, бірнешеуінде байлау сымдары сыртына шығып тұр СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ, ҚАЛА ӘКІМІ Соның бәрін ретке келтіру керек. Бұл бағытта не істеп жатсыңдар? ..жұмысты реттемесе жауапкершілігін қарау керек.... Жалпы, қала аумағында жеке кәсіпкерлер тарапынан жарнамалық көрнекі ақпарат құралдарын ілуге арналған 127 тұғыр орналасқан. Қазір оның 32-і бос тұр. Қала әкімі жауапты сала басшысына кәсіп иелерімен жұмыс жасап, шаһардың сәнін кетіріп тұрған тұғырларға билборд ілу керектігін тапсырды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 Tage vor

Бүгін – Дүниежүзілік кітап және автор құқғын қорғау күні. Осыған орай №11 бағыттағы әдеби автобус жолға шықты. Ерекше шараны қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері ұйымдастырған. Жолаушылар жол жөнекей ән тыңдап, ақындардың поэзиялық өлеңдерімен сусындады. Ал, кітапқа жаны құмар жас өрендер ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, жолаушылардың алғысын алды. // Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы деп, барлық алтын қазына осы кітапта. Білімде. Осы кітаппен, біліммен адамның бойында ұлттық салт-дәстүр қалыптасады. Қазіргі жастарымыз кітап сүйер жастар болып, алдыңғы қатарда ойлы жастар болып өсе берсін. Әдеби автобусқа мінген жолаушыларға Сыр елінде туған ақын-жазушылардың шығармалары таныстырылды. Мұнан бөлек, викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс тапқандарға кітаптар табысталды. ҚАРЛЫҒАШ СРАЖАДИНОВА – ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ АҒА КІТАПХАНАШЫСЫ // Бұл сұрақтар осы кітаппен байланысты. Кітап, кітапхана төңірегінде. Рухани қазынамыздың төңірегінде. Біздің жергілікті ақын-жазушыларымыздың шығармаларымен байланысты. Әрбір мінген жолаушыларымыз кітапханаға барады ма, кітапханаға барғанда қандай бағыттағы кітаптар оқиды, сол жөнінде ерекше сұрақтар қойылады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 Tage vor

Қызылордада тәулік бойы жұмыс істейтін оқырмандар залы ашылмақ. Ол үшін Әбілда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы әзірлік жұмыстарын бастап та кетті. Ал бүгін облыс орталығында кітап фестивалі өтті. Бүгін әлем әдебиеті үшін айтулы дата – дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні. 1995 жылы Парижде өткен ЮНЕСКО-ның бас конференциясында бұл күн кітаптар мен авторларға құрмет білдіру мақсатында қабылданды. Қазіргі таңда облысымызда 205 кітапхана бар. Онда 4,5 млнға жуық кітап сақталған. МИРА ҚАЗБЕКОВА – ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //250 мыңнан астам оқырман бар. Әрине, бұл әлі де аз. Осыған байланысты облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облысымыздағы 171 мәдениет үйінің жанынан оқырмандар клубын арнайы құру жөнінде тапсырма берілді. Қазір барлық аудан-ауылдардағы клубтарда осы «Адал адам» концепциясының аясында оқырмандардың санын арттыруға байланысты бірқатар алғышарттар қабылданып жатыр. Біз бұл жұмыстарды әлі де жыл соңына дейін жалғастыратын боламыз.// Дәстүрге айналған фестивальде сұқбат алаңы, жас ақындар айтысы, поэзия кеші, сурет салу мен түрлі өнер сайыстары ұйымдастырылып, оқырмандар арасында өзара рухани байланыс орнады. НҰРЛЫБЕК МЫҢЖАС - Ә.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ӘМБЕБАП КІТАПХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «бұл фестивальдың маңызы – оқырман тарту. Әсіресе, кітап оқу мәдениетін жастардың бойына сіңіру. Міне осындай мақсатпен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді». Іс-шара барысында кітап дүкендері жәрмеңке ұйымдастырды. ЖҰЛДЫЗ БОЗҒҰЛАН – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ Бүгінгі жәрмеңкеде «Тәкаппар ғашықтар» кітабын алып жатырмын. Бұл кітапты біраздан бері оқығым келіп жүрген. Осы көрмеден табам деп ойламаппын. Мұнда кітаптар көп. Кітап оқығанды жақсы көремін. Әсіресе шетел жазушыларының кітаптарын оқыған ұнайды». СӘКЕН НҰРГЕНОВ – «ОТБАСЫ ХРЕСТОМАТИЯСЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ӨКІЛІ «Кітап оқу белсенділігі жайлап-жайлап келе жатыр. Әзір енді онша таныла қойған жоқ. Бірақ әлеуметтік желіден соңғы уақыттарда жақсы-жақсы байланыстар бар. Сол арқылы бізде осы облыс төңірегінде кітаптарды насихаттап, осындай кітап көрмелері мен жәрмеңкелерге қатысып, оқырмандар клубын ашып жатырмыз. Жалпы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Сыр алқасы» деген клуб құрып жатырмыз». Және бір жаңалық. Президенттің құрылтайдағы бастамасына мәдениет қызметкерлері қолдау білдіріп, облыстық кітапхана ішінен тәулік бойы жұмыс істейтін оқырмандар залын ашуға жұмыс істеп жатыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
3 Tage vor

Сыр спортының түлегі Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен Бішкектегі лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. 60 келіде белдескен отандасымыз ширек финалда Тәжікстан өкілі Асламджон Азизовтан 2-1 есебімен басым түсті. Ал, жартылай финалда Қытайлық балуанды уақытынан бұрын ұтты. Қазір Қазақстан қоржынында күрес түрлерінен Париж Олимпиадасының 5 жолдамасы бар. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
3 Tage vor

Жаңақорғандықтар экологиялық акция аясында «Жеңіс саябағына» саялы ағаштар отырғызды. Тақырыпты әріптесім Асқар Тәжиев тарқатады. Биыл Ұлы Жеңіске 79 жыл. Осыған орай Жаңақорған ауданының тұрғындары кент аумағындағы киелі орындарға тазалық жұмыстарын жүргізді. «Мәңгілік алау» мемориалдық кешені былтыр күзде жөндеуден өткен. Аудан әкімі көпшілікпен бірге көшет отырғызу жұмыстарына атсалысты. Бұл күні 200-ге жуық көшет егілді. Тұрғындар, еріктілер мен орманшылар кешен аумағын ретке келтіріп, ағаш түптерін ақтады. Темір қоршауларды сырлап, қураған ағаштарды кесіп, тазартты. Жалпы аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі әр жыл сайын гектарлаған көшеттің күтімін жасайды. Мәселен биыл орманшылар кентті абаттандыруға екі мыңнан астам көшет әкеліп, үлес қосқан. Абаттандыру жұмыстары қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш маңында да ұйымдастырылды. Аға буын мен өскелең ұрпақ еңбекті дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын паш етті. Ізгі істер апта бойы барлық елді мекендерде жалғаспақ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Zeig mehr